«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

2025 ЖЫЛҒА МІНДЕТТІ МҮШЕЛІК ЖАРНА

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына

2025 жылға арналған міндетті мүшелік жарналар туралы

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағына сәйкес «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Съезде келесі шешімдерді (2016 жылғы 16 маусымдағы №3 хаттама) қабылдағаны туралы хабарлайды:

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілерінің топтары ішінде сатылау белгіленсін және міндетті мүшелік жарналардың келесі мөлшерлері бекітілсін:

 

2025 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МІНДЕТТІ МҮШЕЛІК ЖАРНАЛАРДЫҢ МӨЛШЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

2025 жылға арналған ММЖ мөлшері

 

Топ

Градация

Жылдық жиынтық табыс, АЕК (2024 жылғы айлық есептік көрсеткішпен) **

2024 жылғы жылдық жиынтық табыс (теңгемен)

Жарналар мөлшері (2025 жылғы айлық есептік көрсеткішпен)***

бастап

дейін

бастап

дейін

АЕК

теңге

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері

1*

60 000

150 000

221 520 000

553 800 000

-

босатылды

2*

150 000

300 000

553 800 000

1 107 600 000

-

босатылды

3

300 000

420 000

1 107 600 000

1 550 640 000

105

412 860

4

420 000

690 000

1 550 640 000

2 547 480 000

130

511 160

5

690 000

1 500 000

2 547 480 000

5 538 000 000

155

609 460

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 2-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері

6

1 500 000

2 310 000

5 538 000 000

8 528 520 000

505

1 985 660

7

2 310 000

3 120 000

8 528 520 000

11 519 040 000

1010

3 971 320

8

3 120 000

3 930 000

11 519 040 000

14 509 560 000

1515

5 956 980

9

3 930 000

4 740 000

14 509 560 000

17 500 080 000

2020

7 942 640

10

4 740 000

5 550 000

17 500 080 000

20 490 600 000

2525

9 928 300

11

5 550 000

және жоғары

20 490 600 000

және жоғары

3030

11 913 960

  * 1, 2 градациялар ММЖ төлеуден босатылды (2022 жылғы 18 ақпандағы №9 хаттама)

  ** 2024 жылғы айлық есептік көрсеткіш – 3 692 теңге

  *** 2025 жылғы айлық есептік көрсеткіш – 3 932 теңге

 

2. Міндетті мүшелік жарна төлеуден «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілер тобы:

1) 50% мөлшерінде: заңды тұлға (негізгі ұйым) және есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей не жанама түрде негізгі ұйымға тиесілі заңды тұлғалардың әрқайсысы;

2) 25% мөлшерінде: заңды тұлға (негізгі ұйым) және есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы тікелей не жанама түрде негізгі ұйымға тиесілі заңды тұлғалардың әрқайсысы босатылсын.

3. Осы шешімнің 2-тармағын жүзеге асыру мақсатында:

1) «тиесілігі» деген ұғым жекеменшік құқығындағы тиесілілікті білдіреді;

2) «жанама түрде тиесілігі» деген ұғым әрбір келесі заңды тұлғаның өзге заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) жекеменшік құқығымен иеленуін білдіреді;

3) нақты бір заңды тұлғаға қатысты осы шешімнің 2-тармағы 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген критерийлер сәйкес келген кезде аталған заңды тұлға 25% мөлшеріндегі міндетті мүшелік жарналарды төлеуден босатылады;

4) міндетті мүшелік жарналарды төлеуден босату нақты заңды тұлғаға қатысты бір рет қолданылады.

4. Есепті кезеңде қызметкерлердің жалпы санынан мүгедектер саны елу бір пайыздан кем емес санды құрайтын ұйымдар міндетті мүшелік жарналарды төлеуден 100% мөлшерінде босатылсын.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер