«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Үкіметтің «Атамекен» құрамынан шығуының қажеттілігі қанша?

2018 жылғы 25 Маусым
4361 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының V Съезі аясында Төралқа құрамының өзгергені жайында ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов мәлімдеді. Айта кетелік, 2018 жылдың 22 шілдесінде ҚР Үкіметі «Атамекен» ҚР ҰКП қатысушылар құрамынан түбегейлі шығады.

Орын алған өзгерістерге байланысты Рустам Жүрсінов Үкіметтің Палата құрамынан шығуын түсіндірді.

– Бұл жайт ҚР «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңын қабылдау кезенде алдын ала ескерілген болатын. Жалпы алғанда Ұлттық палата белгілі бір деңгейде биліктік өкілеттілігі бар қоғамдық бірлестік болып табылады. Әрине, ТМД бойынша дәл осындай ұйым болған емес, сондықтан бастапқыда палатаны құруға Парламент депутаттары мен Үкімет күмәнмен қарады. Сондықтан «Атамекен» аяққа тұрып, қоғамдық әрі азаматтық институт ретінде өзінің тиімділігін дәлелдеуі үшін өтпелі кезең белгіленді. Осы бес жыл ішінде палата өкілдіктері өңір, аудан, моноқалаларда жұмыс істеуде. Қоғам «Атамекенді» билік пен бизнестің диалог алаңы ретінде танып отыр.

Заңға сәйкес 2018 жылдың 22 шілдесінде Үкімет «Атамекен» қатысушылары құрамынан шығады. Бұл жайт басқару органдары құрылымы қайта қарауға әкеп соғып, Төралқа құрамы 3 адамға қысқарады. Бірақ, біздің ойымызша белгілі бір ойын ережелері болуы шарт. Сондықтан «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы мен ҚР Премьер-Министрі арасында Келісімге қол қойылды.

Қандай өзгерістер күтілуде?

 – Біріншіден, бұл жұмысты жоспарлау, бірлескен жиындарға қатысу. «Атамекен» Үкімет деңгейінде ғана емес, сондай-ақ Мемлекет басшысы деңгейіндегі барлық ведомствоаралық комиссияларға мүше.

 Екіншіден, стратегиялық дамудың 10 бағыты белгіленді, бұл Үкімет пен «Атамекен» қатынасының бүкіл спектрі.   

 – Осыған байланысты «Атамекен» қандай міндеттерге басымдық беріп отыр?

 Съезд күн тәртібінде Басқарманың 5 жылдың қорытындысы бойынша есебі таныстырылды, атқарылған жұмыс нәтижесі жақсы.

 Жаңа стратегияда біз 10 міндетті белгіледік. Негізгі бағыттар бұрынғыша бесеу: бизнесті қорғау, бизнес-ортаны жетілдіру, қолжетімді қаржыландыру, адами капитал мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту. 5 жыл өтіп кеткеніне қарамастан стратегияның өзектілігі зор. Әрине, уақыт өз талаптарын қояды, осы ретте мәселелерді белгілеп алуымыз керек. Адами капиталдың дамуы Палата үшін маңызды мәселе, түптеп келгенде жақсы мамандар барлығын шешеді. Әсіресе цифрландыру мен экономиканы ескере отырып кәсіпкерлік саласына жақсы мамандар керек. Жұмыс орындары босайтыны белгілі, мемлекеттік аппарат оңтайландырылады деп сенеміз, әрі мемлекеттік қызметкерлер де кәсіпкерлік ортаға кіретін болады. Заңнаманы жетілдіру, әкімшілік кедергілерді азайту бойынша жұмысты ерекше айтқанымыз жөн. Бұл бағыт қашанда өзекті, Мемлекет басшысы осы бағытта түбегейлі шараларды қолға алу бойынша алтыншы пакетке қол қойды. Күн тәртібіндегі бизнестің жауапкершілігін де ерекше атап өткім келеді.  

 Әсіресе лифтілердің құлауы, өрт жағдайы мен жаппай улану мәселелерінде бизнес жауапкершілігі болуы шарт. Үкімет көп жұмыс атқаруда, алайда вакуум әсері болмауы керек. Бизнес өз бетінше тауар мен қызмет көрсетуде сапа мен қауіпсіздікті арттыруға бағытталған шаралар кешенін әзірлеуі тиіс. Бастысы тұтынушыларымыз зардап шекпеуі керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер