Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан «Атамекен»
Надежный партнер бизнеса

Жаңадан құрылған "Денсаулық сақтау" салалық кеңесінің төрағасы сайланды

07 Декабря 2024
- Кызылординская область
1028 просмотров

Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының алаңында "Денсаулық сақтау" салалық кеңесінің отырысы өтті. Жиынға кеңес мүшелері мен Палата өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе - кеңес төрағасын сайлау бойынша Денсаулық сақтау салалық Кеңесінің 13 тұрақты мүшесінің 2/3 бөлігінің (12 мүше) қатысуымен кворум жасақталып, салалық кеңес төрағалығына «Мырза-Хан» ЖШС директоры Айдос Маханалиев және «ALEXEY SULTAN-AKHMET» ЖШС  директоры Жайна Карлыханова кандидатурасы ұсынылды. Ашық дауыс беру нәтижесінде А.Маханалиевке 4 дауыс, Ж.Карлыхановаға 5 дауыс, 3 қатысушы дауыс беруден қалыс қалып, көпшілік дауыспен Ж.Карлыханова кандидатурасы мақұлданды. Нәтижесінде «ALEXEY SULTAN-AKHMET» ЖШС директоры Карлыханова Жайна Торехановна салалық кеңес төрайымы болып сайланды.

«Маған сенім артып, кандидатурамды қолдағандарыңызға алғысым шексіз. Өзіме артылған сенімді ақтау үшін бар күшімді саламын. Медицина өте күрделі сала, жауапкершілігі мол және бұл салада кездесетін мәселеле шаш етектен, алдағы уақытта денсаулық сақтау саласының мәселелерін бірлесіп шешетінімізге сенімім мол. Кеңес жұмысына сәттілік тілеймін!» деді Ж.Карлыханова өз сөзінде.

Келесі мәселе бойынша Палата директоры Пірмұхаммед Сыздық палата мүшелерін сайлауды өткізу қағидалары және өңірлік кеңестерді қалыптастыру тәртібі туралы түсіндірме жүргізіп, жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Сонан соң, қатысушылар Ереже талаптарына сәйкес сайлау нысанын таңдап,  кеңестің тұрақты  мүшелері бірауыздан ашық дауыс беруді шешті.

Жиын барысында кеңес мүшелері өз ұсыныстарын білдіріп, алдағы жоспарларды талқылады.

 


Подписывайтесь на наш Telegram канал и оставайтесь в курсе последних новостей.

Дочерние организации

Партнеры