«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордалық үздік тауарөндірушілер «EXPO–2017» көрмесіне қатысады

2017 жылғы 22 Маусым
- Қызылорда облысы
4457 просмотров

Бүгін Қызылордада Кәсіпкерлер палатасы мен облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның үздік тауары - 2017» облыстық көрме-байқауы өтті

Жергілікті тауарөндірушілердің өнімдерін тамашалауға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.  

Кәсіпорындар мен ұйымдар қызметінің белсенділігін арттыруды, отандық тауарлар сапасын көтеруді және Қазақстан нарығын бәсекеге қабілетті өнімге толтыруды мақсат еткен байқауға қатысушылар саны жыл өтсен сайын артуда.

Мәселен, өткен жылы облыстық байқауға 17 кәсіпкер қатысқан болса, биыл «Қазақстанның үздік тауары» байқауына 22 кәсіпкер қатысты.

Мұнан өзге, байқауға қатысушылардан өзге 40-тан астам өңірдің тауарөндірушілері өнімдерін халыққа ұсынды.

Сонымен, үш номинация бойынша өткен «Қазақстанның үздік тауары - 2017» облыстық көрме-байқауында:

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша:

1-орынға «ЭлектроТехнология» ЖШС;

2-орынға «Полимер Продукт» ЖШС;

3-орынға «МИР 2001» ЖШС.

«Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясы бойынша:

1-орынға «ДАЛАТЕКС» ЖШС;

2-орынға «Қызылорда соқырлар қоғамы» оқу өндірістік коперативі» ЖШС

3-орынға «ПромКоммерцКА» ЖШС;

«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша:

1-орынға «Арал тұз» АҚ

2-орынға «Арал» сервистік дайындау орталығы» ЖШС

3-орынға ЖК «Ермаханов» ие болды.

Енді байқау жеңімпаздары «EXPO - 2017» шарасы аясында осы жылдың шілде айында Астана қаласында өтетін республикалық байқауға қатысатын болады.

Мұнан өзге, облыстық көрме-байқауға өнемдерін әкеліп,  белсенді қатысқан кәсіпкерлерді Өңірлік кеңес мүшесі, облыстық көрме-байқаудың төрағасы Ерлан Раимов пен Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов алғыс хаттармен марапаттады.

Айта кету керек, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауын 2015 жылдан бері «Атамекен» ҰКП ұйымдастырып келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер