«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасында білім беру және жұмыспен қамту саласындағы өзекті мәселелері талқыланды

2024 жылғы 18 Желтоқсан
- Астана қаласы
296 просмотров

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасында «Білім беру және жұмыспен қамту» салалық кеңесінің отырысы өтті, онда Қазақстандағы білім беру жүйесінің маңызды мәселелері мен даму перспективалары талқыланды.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің меңгерушісі Алиакпар Матишев заманауи әлемдегі білім мен құзыреттерге қойылатын талаптардың өсуін ескере отырып, әрбір азаматқа сапалы білім алу үшін тең мүмкіндіктер қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы барлық деңгейдегі білім беру саласындағы мәселелер болды. Астана қаласындағы КАНО филиалының директоры Майра Байдубекова өз баяндамасында білім беру мекемелері тап болып отырған бірқатар өзекті мәселелерді атап өтті. Отырыс барысында 2025 жылға арналған Салалық кеңестің жұмыс жоспарының жобасы әзірленді. Жеке меншік балабақшалардың мақсатты пайдалануды өзгеріссіз үй-жайларда жұмыс істеуі және 2025-2026 жылдардағы Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер мәселелері талқыланды.

Маңызды сәттердің бірі — «Қазпотребсоюз» жоғары колледжінің директоры Мырзабек Кужимовтың салық заңнамасындағы жоспарланған өзгерістер мен олардың білім беру мекемелеріне ықтимал әсері туралы презентациясы болды. «Inception» ЖШС жетекшісі Гаухар Уразғалиева Кеңестің тиімді жұмыс істеуі үшін қосымша комитеттер құруды ұсынды. Отырыс қорытындыланып, алынған нәтижелер жинақталып, алдағы іс-шаралар жоспары жасалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер