«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАЗАЛЫ ТӨРІНДЕ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2024 жылғы 26 Ақпан
- Қызылорда облысы
5586 просмотров

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы өкілдері мемлекеттік және құзыретті органдармен бірлесіп, аудан орталықтарында кәсіпкерлермен кездесуде. Кезекті кездесу Қазалы ауданында жалғасын тапты.

Бірінші кезекте палата өкілдері Қазалы ауданына жуырда тағайындалған аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбетпен кездесіп, жаңа қызметімен құттықтады. Аудан басшысы өз кезегінде кәсіпкерлік бағытына әрқашан қолдау болатындығын айтып, жұмыс тобына сәттілік тіледі.

Аудандық бизнес өкілдеріне арналған жиында палата өкілдері өз жұмыстарымен таныстыру аясында бүгінгі күнге дейін республикалық деңгейде шешілген мәселелерге тоқталып өтті.

"Қызылорда облыстық Атамекен кәсіпкерлер палатасы Ұлттық кәсіпкерлік палатасының қолдауымен бүгінгі күні кәсіпкерлерге қолайлы орта қалыптастыру үшін бар мүмкіндікті жасап келеді. Сіздер олардың барлығын біле бермеулеріңіз мүмкін, дегенмен палатаға ұсыныспен, шағыммен келген әр кәсіп иесінің мәселесі біз үшін аса маңызды. Палата аясында тұрақты түрде мемлекеттік және құзырлы орган өкілдерімен өтетін жиындар бос сөз емес. Оған бір ғана дәлел біздің қатысуымызбен оң шешімін тапқан былтырғы өңірде бөлшек салық мөлшерлемесін 2%-ға дейін төмендету мәселесі. Айта кету керек, бұндай жетістікке еліміз бойынша тек Қарағанды және Қызылорда облыстары ғана қол жеткізді" - деді Ерлан Раимов.

Сондай-ақ, құзырлы орган өкілдері халық арасында мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оларбизнес өкілдерін кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен кәсіп бастау тәсілдерін және оның оңтайландырылған жолдарымен таныстырды. Аудан прокуроры өз кезегінде прокуратура тарапынан кәсіпкерлерге әрқашан қолдау болатындығын жеткізді.

Жиын қорытындысында аудан кәсіпкерлері өз мәселелеріне қатысты сұрақтарға тиісті жауаптарын ала алды.  Қазалы аудандық кәсіпкерлермен көп көтерілген мәселе егін және мал шаруашылығы болды. Алдағы уақытта ұсыныстар Палата кеңестерінде талқыланып, мәселелердің шешілуі бағытында жұмыстар атқарылатын болады.

Қызылорда облысы кәсіпкерлдер палатасының баспасөз қызметі


Еншілес ұйымдар

Серіктестер