«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылорда облысында 60 кәсіпкердің құқығы қорғалды

2024 жылғы 10 Қаңтар
- Қызылорда облысы
5407 просмотров

Былтыр Атамекен кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықтың атына қаламыздың бірқатар кәсіпкері құқық қорғау органдары тарапынан өздеріне негізсіз талаптар қойылу фактісіне қатысты шағымданған болатын.

«Құқық қорғау органдары келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін алға тарта отырып, тамақтану объектілерінің иелеріне  (кафе, ресторан) темір терезе торлары мен есік  құру, күндізгі және түнгі уақытта ауысыммен жұмыс істейтін күзетпен қамтамасыз ету, ғимараттың іші-сыртын түсіріп, бейнежазбасы 30 күннен аса уақыт сақталатын бейнекамералармен жабдықтау, сыртқы жағын жарықтандыру және тағы басқа міндеттерді қойып, кәсіп иелері аталған талаптар орындалмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын жеткізген»,-деді П.Сыздық

Осыған орай, Палата заңгерлері Қызылорда облыстық және қалалық прокуратураға кәсіпкерлік субъектілеріне негізсіз талаптар қойылу фактісіне қатысты талдау жұмыстарын жүргізуді сұрады. Нәтижесінде қалалық прокуратурамен құқық қорғау органдарының талаптары негізсіз деп танылып, нұсқаулықтың күші жойылды.

Осы атқарылған жұмыстар нәтижесінде бүгінгі күні 60 кәсіпкердің құқығы қорғалып отыр.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі


Еншілес ұйымдар

Серіктестер