«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бухгалтерлер клубының кезекті отырысында бөлшек салық мөлшерлемесі мен жалпыға бірдей декларациялау мәселелері талқыланды

2023 жылғы 04 Желтоқсан
- Қызылорда облысы
6856 просмотров

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен бухгалтерлер клубының кезекті отырысында тікелей эфир арқылы Қазақстан Республикасы "Атамекен" ҰКП ҚР Ұлттық экономика министрлігімен және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету бөлігінде салық заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша әртүрлі деңгейдегі депутаттардың қатысуымен бірлескен семинар-кеңес өткізді.

Осы орайда, жиынға арнайы қатысқан облыстық салық департаменті мамандары 2024 жылға арналған мөлшерлемені төмендету бойынша ақпаратпен бөлісті.

Өздеріңізге белгілі, үстіміздегі жылдың 20 наурызында Салық Кодексіне бөлшек салықтың арнаулы салық режимі бойынша өзгерістер енгізіліп, Палата бастамашылығымен 2023 жыл үшін бөлшек салық мөлшерлемесінің 2%-ға төмендеуі нәтижесіне қол жеткізген болатын.

Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының бастамасымен 2024 жылға арналған бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету туралы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Заң жобасы қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында қаралуда.

Сонымен қатар, күн тәртібіндегі екінші мәселе, 2024 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей декларациялаудың III-кезеңінің басталуы болды.

Осы шара шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды 2024 жылғы 1-қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары ұсынуы тиіс.

 Жиынды қорытындылай келе, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлсара Қарымсақова декларация тапсыру мерзімі, уақытында декларацияны тапсырмаған жағдайда заңмен көзделетін ескерту шаралары мен айыппұл мөлшерлері және т.б. міндеттемелер жөнінде толыққанды ақпарат беріп өтті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер