«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордада жұмыс берушілер марапатталды

2022 жылғы 15 Қараша
- Қызылорда облысы
8246 просмотров

Қызылордада бірқатар жұмыс беруші ұйымның басшылары марапатталды.

Биыл Оқу-ағарту министрлігі 15 қарашада республика көлемінде барлық техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында бір мезгілде «Жұмыс берушілер күнін» атап өту жөнінде тұжырымдама қабылдады.

Мақсаты – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын арттыру және жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау.

Атаулы күн аясындағы шара Сыр өңірінде Исатай Әбдікәрімов атындағы аграрлы-техникалық жоғары колледжінің базасында өтті.

Оған облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет, Өңірлік кеңес төрағасы Ерлан Раимов, Кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов пен аймақтағы ірі жұмыс беруші мекеме басшылары, кәсіпкерлер, оқу орындарының өкілдері қатысты.

Нұрымбет Сақтағанов бірқатар кәсіпкер мен ұйым басшыларын Оқу-ағарту министрінің, облыс әкімінің алғыс хатымен, Өңірлік кеңес төрағасы Ерлан Раимов пен Палата директоры Пірмұхаммед Сыздықов Кәсіпкерлер палатасының алғыс хатымен марапаттады.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов өңірде шағын және орта бизнесте 104 мыңнан астам адам жұмыс істейтінін атап өтті.

«Кәсіпкерлер палатасы құрылған сәттен бері кәсіпорындарға, білім беру ұйымдарына кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсетіп келеді. Бұдан өзге, дуальді оқыту жүйесін жүзеге асыру барысында да колледждер мен жұмыс берушілер арасында тығыз қарым-қатынас орнатып, өзекті мәселелердің республикалық деңгейде шешілуіне үлес қосып келеміз», – деді Кәсіпкерлер палатасының директоры.

Шара соңында Қызылорда аграрлы-техникалық,  «Абылай хан»,  «ORDA», Мұстақым Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің  директорлары «РЦКУ  - Қызылорда» ЖШС, «ҚазСу» шаруашылығы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда филиалы, «Әсем-Құрылыс-Қызылорда» ЖШС, «Ас-кА» ЖШС, Қызылорда электр жылу орталығы, «Мелиоратор» ЖШС басшыларымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер