«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер палатасы қалалық мәслихат депутаттарына бизнестің проблемаларын жеткізді

2021 жылғы 16 Маусым
- Қызылорда облысы
5860 просмотров

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен қалалық мәслихаты депутаттарының шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша көшпелі отырысы өтті. Шарада кәсіпкерлік саласындағы мәселелер талқыланды.

  Отырыста Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов облыс тұрғындарының 40 пайызы, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің 45 пайызы қалаға тиесілі екенін айта келе, салаға қатысты бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

 Атап айтқанда, Палата басшысы жер комиссиясының отырыстарын Кәсіпкерлер палатасының алаңында өткізуді ұсынды. Бұл қадам жариялылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, ашық бәсекелестіктің нәтижесінже қала бюджетіне түсетін қаражат көлемін де арттырмақ деп санайды. Сонымен бірге, кәсіпкерлік мақсаттағы жер телімдерін беру тетігін де жетілдіруге қатысты да ұсыныстар берді.

 Палата тарапынан айтылған келесі ұсыныс стационарлық емес сауда орындарының қатарын арттыруға қатысты. Мәселен, Маңғыстауда осындай 590 орын бар екен, ал Ақмола облысында 744 орын. Ал Қызылорда қаласында әзірге 7 орын ғана бекітіліпті. Стационарлық емес сауда орындарының қатарын көбейту көшпелі кофе немесе өзге де қызметтер арқылы тұрғындардың да сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік бермек. Бұл орындар әсіресе, Орталық алаң, «Сыр сұлуы», орталық мешіт, «Шұғыла» мөлтек ауданы, қалалық парк аумақтары үшін тіпті маңызды.

          Ғалымбек Жақсылықов шарада мұнан өзге, шағын индцустриалды аймақ құру, жеңіл өнеркәсіпті, ішкі туризмді дамытуға қатысты да маңызды ұсыныстарын берді.

          «Қалалық кәсіпкерлік бөлімі біраз жұмыс атқарып жатыр. Дегенмен, бұл бөлімнің қызметкерлері кәсіпкерлерге көбінесе тазалықты сақтау, тұрғын-жәйларды әктеу-сырлау сияқты тапсырмалармен таныс. Бұл бөлімді өзіне тән емес функциялардан босату керек. Өздерінің тікелей қызметімен айналысу керек. Сонымен бірге, қалалық кәсіпкерлік бөлімі осы «Бизнеске арналған үкімет» ғимаратында орналасу керек. Бұл ғимарат кәсіпкерліктің ордасына айналды. Сондықтан осында отыруы заңды», - деп ойын қорытты Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

          Мәслихат депутаттары аталмыш ұсыныстарға оң бағасын беріп, алдағы уақытта жергілікті атқарушы органмен бірге бірлесе шешу тетіктері қарастырылатындығын жеткізді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер