«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордада Кәсіпкерлер палатасы кеңесшілері 10 айда 398 бизнес-жоспар әзірледі

2019 жылғы 22 Қараша
- Қызылорда облысы
4172 просмотров

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасы Қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Гаухар Елеусінова айтты.

Осы жылдың 10 айында Палата кеңесшілерімен 1810 кәсіпкерлік субъектісіне 2136 қызмет көрсетілген. Оның ішінде 398 қызмет – кәсіпкерлерге әзірленген бизнес жоспар. Нәтижесінде қазірдің өзінде жалпы құны 906 млн.327 мың теңгені құрайтын 136 жоба әр түрлі қаржы көздерінен қаржыландырылған.

«Аталмыш 136 жобаның 3-еуі 347 млн. теңгеге - екінші деңгейлі банктер арқылы, 69 жоба 385,7 млн.теңгеге – «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалы мен шағын қаржыландыру ұйымдары арқылы, 60 жоба 19,5 млн. теңгеге «Еңбек» жəне «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламалары аясында қайтарымсыз қаржы арқылы қаржыландырылды. Ал құны 154 млн.теңге болатын 3 жобаға жасалған бизнес-жоспар негізінде ауыл шаруашылығы жер учаскесіне қол жеткізілді. 136 жобаның 37-сі ауыл шаруашылығы, 38-і өңдеу өнеркəсібі, 33-і қызмет көрсету саласы бойынша кəсіпкерлік жобалары болып табылады. Ал 28 жоба - тасымал, қойма, демалыс орны, білім жəне денсаулық саласы жəне т.б.салаларды қамтиды», - дейді Палата маманы.

Мұнан өзге, Кәсіпкерлер палатасының аудандардағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарындағы кеңесшілер 10 айда 4462 тұлғаға 8069 кеңес берген.

Сонымен бірге «Бизнес-мектеп» компоненті аясында «Бизнес-кеңесші» оқу курсын 1741 оқып шығып, 265 қатысушының жобасы 372 млн.теңгеге қаржыландырылған. «Бизнес-Өсу» жобасы аясында 133 оқып, 12-сінің жобасы, «Тәлімгерлер тарту арқылы жобалық оқыту» жобасы  бойынша 114 адам оқытылып, 7-еуінің жобасы қаржыландырылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер