«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шетелдіктер неге шұбат ішпейді?

2017 жылғы 25 Қыркүйек
4754 просмотров

Шетелдік сарапшылар Қазақстанда түйе шаруашылығының даму деңгейіне баға берді

«Атамекен» ҚР ҰКП Агробіліктілік орталығы ауыл шаруашығымен айналысушылардың ақпарат алу деңгейін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында шетелдік сарапшыларды ғылыми-тәжірибелік семинарларға жиі шақырады. Ауыл шаруашылығы субъектілері үшін берілетін ақпараттық-консультациялық қызмет тегін жүргізіледі.

Түйе мен жылқы шаруашылығына арналған семинарға шетелдік сарапшылар шақырылды. Франциядан жылқы шаруашылығына маманданған сарапшы Бернард Файе мен түйе шаруашылығына маманданған неміс сарапшысы Мариио Юнан шақырылды. Мамандар білімдерімен бөлісіп, дәріс оқыды.

«Түйе сүтіне деген сұраныс күн санап артып келеді. Ауыл шаруашылығындағы дәл осы сала әлемнің 48 елінде қолға алынған. Олардың даму деңгейі әртүрлі. Қазақстан осы бағытты дамытып отырған озық елдердің  қатарында. Бүгінде елімізде 6 өндірістік цех жұмыс істейді. Егер әлемдік ауқымдылық тұрғысынан қарасақ, бұл саланың келешегі зор», – деп таныстырды Агробіліктілік орталығының түйе шаруашылығы бағытындағы сарапшысы Гауһар Қонысбаева.

ХХ ғасырдың 60-жылдарында түйе шаруашылығы бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан көш бастап тұрған. Түйе саууға қатысты алғашқы ғылыми-мақалалар  Қазақстан аумағында жарияланды. Алайда, бұл саланың дамуы тежеуілдеді. Дегенмен, Қазақстан түйе сүтінің көлемі мен оның қайта өңдейтін кәсіпорындардың санына қарай Біріккен Араб Әмірліктері мен Солтүстік Африканың кей мемлекеттерінен кейінгі бестікке кіреді. Қазақстанның климаты түйе өсіруге әбден қолайлы, сүттің майлылығы мен қайталанбас ерекше дәміне де әсері мол.

«Түйе табиғи жайылымда неғұрлым көп жайылса, соғұрлым экожүйе мен аумақтың табиғи жағдайын сақтай аламасыз. Еліміздің шөлейт аймақтарын сақтаудың ең тұрақты жолы да осы. Алайда бұл мәселеге айтарлықтай назар аударылып отырмағаны өкінішті», – деп хабарлады Гауһар Қонысбаева.

Мал шаруашылығы саласының маманы, 50-дей мемлекетте іс сапарда болған Бернард Файе Қазақстандағы түйе шаруашылығына жоғары бағасын берді.

«20 жылдан бері Қазақстанмен бірлесіп жұмыс атқарып келемін. Алғаш келгеннен-ақ қымыз, шұбат секілді ұлттық сусынды ұнаттым. Ет пен сүт өнімдерінің сапасын арттыру және жаңа түрлерін анықтауға қатысты ауқымды жұмыс атқарылды. Мысалы, кейбір сүтті қайта өңдейтін кәсіпорындар мұнай өңдейтін зауыттарға тым жақын орналасқан еді. Санитарлық ережелердің бұзылуын да көрдік», – деп баяндады шетелдік сарапшы.

Бірлесіп жұмыс істеудің арқасында отандық мамандар шетелдік тәжірибені меңгеріп, түйе шаруашылығының дамуына серпін берді.

Шетелдік сарапшы жергілікті жердің ерекшелігі мен сүтті өңдеу әдісіне қарай бір-біріне ұқсамайтын өнімдерді дайындауға қатысты кеңес берді. Францияда ірімшік пен сүзбенің мыңға жуық түрі бар. Әрбір түріне бекітілген норматив бар. Барнард Файе Қазақстанда да сол тәсілдердің кейбіреуін қолдануға болатындығына назар аударды.

Ал Германиядан келген тәуелсіз сарапшы Марио Юан әр өңірдегі қымыз-шұбаттың дәмі әртүрлі екенін, ең дәмді қымызды Қызылордада ішкенін жасырмады.

«Шетелдіктер өнімнің өзіне емес, оның дайындалу барысына гигиена тұрғысынан сақтықпен қарайды. Экспортқа деген сұраныс бар. Бірақ өзге мемлекеттерге шығу үшін ең алдымен ішкі нарыққа бейімделген орынды. Сіздерде мемлекеттің ішінде тиісті нормативтерді бекіте отырып табысқа жетудің мүмкіндігі мол», – деп тұжырымдады Марио Юан.

Сонымен қатар сарапшы халықаралық нарықта түйе сүт жоқ екенін айтты. Себебі ешкім дәл түйе сүтін дұрыс қолға алмаған.

«Бізді шақырғандарыңыздың өзі шетелдік нарыққа өнім шығару үшін не үстеу керектігіне дайындықты білдіреді», –деп түйіндеді шетелдік маман.

Ғылыми-техникалық семинарлардың тақырыбы агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің нақты сұранысына қарайы дайындалған. Ауыл шаруашылығы саласындағы өндірушілерге 25 әлеуетті бағыты бойынша кеңес беру қызметі жүзеге асырылады.


Ұқсас жаңалықтар:

Сыр бойында семинарлар көптеп ұйымдастырылуда
19 Қыркүйек
2016
Қызылорда облысы
Көкөніс күтімі мен мал бағу сыры
15 Тамыз
2016
Жетісу облысы
Тыңайтқыш аз, табиғи өнім көп
25 Шілде
2016
Қарағанды облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер