«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ірі көлемдегі грантқа қол жеткізді

2016 жылғы 17 Тамыз
- Қызылорда облысы
13767 просмотров

Қызылордалық кәсіпкер 32 млн теңге көлемінде грант иегері атанды

Өткен жылы «Қызылорда құрылыс материалдары» ЖШС «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ ұйымдастыруымен өтетін инновациялық гранттар байқауына қатысқысы келетінін айтып, бизнес-жоспар әзірлеуге көмектесуін сұрап Палатаға жүгінеді.

Аталған ЖШС 2014 жылы құрылған. Компанияның негізгі қызметі инновациялық технологияларды дайындау және Қызылорда облысының өндірісіне жоғарғы технологиялық, тиімді және экологиялық қауіпсіз әзірлемелерді енгізу болып отыр.

Бүгінгі таңда компания өзінің «Көбікті бетон әзірлеуге арналған көбік түзуші өндіріс» жобасымен инновациялық грант алу мақсатында қажетті келісімшарттарға қол қойып, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ға өтініш берген. Кәсіпкерге «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ тарапынан 32 млн теңге көлемінде грант бөлінбек. Қалған 13 млн теңгені немесе 30%-ды жобаға кәсіпкердің өзі салады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер