«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Вьетнам бизнесмендері Сыр бойына сапармен келді

2016 жылғы 02 Тамыз
- Қызылорда облысы
13213 просмотров

Вьетнам Социалистік Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Доан Ти Ксуан бастаған Вьетнам делегациясы  Кәсіпкерлер палатасында болды

Шетелдік қонақтардың іссапары туралы вьетнамдық бизнесмендермен ынтымақтаса жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкер Оралбек Ботбай әңгімеледі. 

«Олардың келу мақсаты – облыс кәсіпкерлерімен және өңір басшыларымен танысу. Мұнай мен газ шығаруды, шай мен кофе, көкөніс пен жеміс-жидек импортын дамыту мәселелері оларды қызықтырады, сонымен қатар аяқ киім фабрикасын салмақшы», – дейді ол.  

Келіссөздер барысында екі жақтың бизнесмендері шағын-орта  кәсіпкерлікті бірлесіп дамытуға келісті. Орайы келгенде айтып өтейік, Астанада қыркүйек айында Елбасының қатысуымен Қазақстан-Вьетнам бизнес-форумы  өтеді,  оның барысында бірқатар келісімшарттарға қол қойылады.  Содан соң алдағы келіссөздерге арналған жауапты сапармен қызылордалық кәсіпкерлер, басшылар және мемлекеттік қызметкерлер Ханойға аттанады. 

Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов қонақтарды өңірлік даму картасымен, сондай-ақ «Жанар-жағар  материалдар  өндіру зауытын салу», «Асыл тұқымды қой-ешкі  өсіру жөніндегі сүт фермасын құру» және «Құс фабрикасы» жобаларымен таныстырды.     


Еншілес ұйымдар

Серіктестер