«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шағын бизнеске шарапатты бағдарлама

2016 жылғы 27 Шілде
- Қызылорда облысы
13859 просмотров

«Қызылорда шағын бизнесі» жобасы аясында 273 жаңа жұмыс орны ашылды  

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары  Бақытжан Әбиев хабарлады. 

Бүгінгі таңда ауыл тұрғындарының «Қызылорда шағын бизнесі» жобасы аясында  құны 357,5 млн теңге 56 жобасы қаржыландырылған. Жиыны 273 адам жұмыспен қамтылған.

Сонымен қатар, Бақытжан Әбиевтің сөздеріне қарағанда, қызылордалықтар арасында жобаның үлкен сұранысқа ие болуы қуантады.

Өткен жылы облыстық әкімдік кәсіпкерлерге арнап несиеге бөлген 71,5 млн теңге мерзімінде қайтарылған. Нәтижесінде бұл сома тағы 8 жобаны қаржыландыруға мүмкіндік берген.

Жобаның әлеуетін аудандар қалай пайдаланып отыр дегенге келсек, көпшіліктің көкейіндегі бұл сауал аудандардағы жобаларды қаржыландыруға қатысты туындауда екен. Арал ауданында жалпы құны 20,3 млн теңге 4 жоба, Қазалы ауданында 74,3 млн теңгеге 11 жоба, Қармақшы ауданында 13 жоба (97,7 млн теңге), Жалағаш ауданында – 4 жоба (27,6 млн теңге), Сырдария ауданында – 5 жоба  (32,9 млн теңге), Шиелі ауданында – 57 млн теңге сомасына 9 жоба, Жаңақорған ауданында жалпы құны 11,1 млн теңге болатын 5 жоба қаржыландырылған.  

Сондай-ақ, қажетті құжаттарды тіркеу бойынша 5 жобаны Несие комитеті мақұлдаған. Бақылау кеңесінің соңғы 5 мәжілісінде  мақұлданған жобалар бойынша қарауға қажетті құжаттар жиналуда екен. 

Еске салалық, ағымдағы жылы «Атамекен» ҰКП және  облыс әкімдігінің «Қызылорда шағын бизнесі» жобасы аясында ауылдық жерлердегі  кәсіпкерлік стартап жобаларын қаржыландыруға 660 млн теңге бөлінген болатын. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер