«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ләззат Рамазанова: «Кәсіпкер мен «Атамекен» ҰКП арасындағы сұхбат кәсіпкерлердің проблемаларын тиімді шешуге көмектеседі»

2016 жылғы 08 Шілде
- Шығыс Қазақстан облысы
21369 просмотров

Республикалық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы ШҚО бизнес-ханымдарымен бейресми кездесу өткізіп, өңірдегі кәсіпкерліктің даму келешегін талқылады

Өскеменде «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Хатшылығының жетекшісі, ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанованың қатысуымен облыстық ӨКП Іскер әйелдер кеңесінің отырысы өтті.

Кездесу бейресми аухалда өтіп, кәсіпкер әйелдер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды және жеткен жетістіктері туралы айтты.

Кездесу кезінде іскер нәзік жандар бірқатар өзекті мәселелерді талқылады, өз пікірлерімен бөлісіп, өңірде бизнес-климатты жақсарту жөніндегі әдістерді ұсынды. 

Ләззат Рамазанова ШҚО Іскер әйелдер кеңесі қызметінің жоғары деңгейін атап өтті, осы ретте ІӘК төрайымы Елена Березинская-Абиловаға ризашылығын білдірді.

«Облыста Елена Березинская-Абилованың басшылығымен жұмысқа қабілетті құрылым табысты қызмет атқаруда. Сіздер басымдықтарды дұрыс қоя білдіңіздер және одан әрі даму үшін өсім нүктелерін дәл таптыңыздар», – деп ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің басшысы өңірлік Іскер әйелдер кеңесінің жұмысына осындай баға берді.

Баршаға мәлім, Шығыс Қазақстан облысында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту еліміздің жалпы іскерлік аухалымен тығыз байланыста, бұған шағын және орта бизнестегі әйелдер үлесінің барған сайын артып келе жатқаны дәлел. Елена Березинская-Абилова республикалық Кеңес төрайымына қарата кіріспе сөзін осындай деректен бастады.

«Қазақстандық статистика мәліметтеріне сәйкес, әйелдердің республика ЖІӨ-гі үлесі 40%-ға жақындады, оның ішінде жеке кәсіпкерлердің 50%-дан астамын әйелдер құрайды. Бүгінде, есептік кезеңдегі жағдай бойынша, қалалар мен облыс аудандарында әйел кәсіпкерлердің бірыңғай базасы 10 458 субъектіні біріктіреді, оның ішінде 7 193 ЖК бар. Біз олардың әрқайсысы үшін ашықпыз және олардың бизнес-мансаптарын бастауына көмектесуге, сондай-ақ жұмысы жолға қойылған бизнеске сервистік қызмет көрсетуге даярмыз», – деді Елена Березинская-Абилова.

Бүгін, ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің қызметі аясында облыстың барлық аудандарында бизнес-жобаларды әзірлеуде және іске асыруда, әйелдердің іскерлік, әлеуметтік белсенділігі мәртебесін көтеруде тәжірибелік көмек көрстеу бойынша дәйекті жұмыс жүргізілуде.

Ләззат Рамазанова кәсіпкерлікті қолдаудың қолданыстағы бағдарламалары және бизнестің қазіргі мұқтаждықтары туралы сөз қозғады. Республикалық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жұмысын оңтайландырудағы маңызды қызмет қырларының бірі ретінде кері байланысты атап көрсетті. «Атамекен» ҰКП мен кәсіпкер арасында дәл осындай сұхбаттастықтың болуы, сондай-ақ өңірлік Іскер әйелдер кеңесімен қоса, барлық тараптардың осы іске тартылуы мерзімі жеткен мәселелерді шешудің сапасынан кепілді түрде көрініс таппақ.

«Бүгінгі таңда «Атамекен» ҰКП алаңы – еліміздегі кәсіпкерліктің проблемаларын шешудің ең оңтайлы жолы», – деп атап көрсетті Ләззат Рамазанова.

Кездесуге қатысушылар таяу уақытта ШҚО Іскер әйелдер кеңесінің қызметі аясында іске асырылатын және іске асырылуы тиіс жобаларды талқылады.

Айталық, облыстың аудандары мен ауылдарында әйелдер бизнесінің басым бағыттарында өз ісін бастағысы келетін әйелдермен жұмыс (стартап жобалары), ШҚО-да Іскер әйелдер кеңесі құрылғанға дейінгіге қарағанда, анағұрлым белсенді жүргізіле бастады. Мысалы, 2015 жылы 209 кәсіпкер әйел, ал 2016 жылдың 6 айында – 110 әйел Кеңестің көмегіне жүгінді.

Кеңес бизнесте туындаған проблемаларын шешу үшін ІӘК-не өтініш жасаған кәсіпкер әйелдерге де көмек көрсетумен шұғылданады. 2015 жылы 579, ал 2016 жылдың 6 айының өзінде 633 кәсіпкер әйел көмек сұраған.

Кәсіпкерлермен «қайырымдылық істері» санатындағы әлеуметтік салаға қатысты жұмыс та жүргізіледі. Әйел-кәсіпкерлер 23 әлеуметтік жағдайы төмен әйелге көмек көрсетті. Одан бөлек, облыста 1 маусымда 22 «Барлығы алғыс үшін» дүкені ашылды.  

«Сіздердің гендерлік теңдік қағидаларын іске асыру процесіне қосылғандарыңыз өз жемісін бере бастады. Сіздер ешкім ақы төлемейтін жұмыспен айналысып жүрсіздер, өйткені, онда сіздерге мұқтаж жандар бар. Осы үшін сіздерге рахмет», – деді Ләззат Рамазанова.

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Хатшылығының жетекшісі, сондай-ақ, «Atameken buisness channel» телеарнасының іске қосылғаны жайлы айтты. Ләззат Рамазанова Кеңес мүшелеріне ньюсмейкерлер рөлін атқаруға – ШҚО-дағы кәсіпкер әйелдердің табыс тарихтары туралы материалдар жинауға шақырды, олар жеке хабар аясында осы телеарнада көрсетілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер