«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Фермерлер күш қосты

2016 жылғы 13 Маусым
- Қызылорда облысы
15341 просмотров

Қызылордада түйе өсіру және түйе сүтін өндіру бойынша кооператив құрылмақ

Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасарының м.а. Бақытжан Әбиев бүгінгі күні шаруалардың алдында тұрған басты мәселе өнімді өңдеу және өткізу екенін атап айтты. Ал, бұл міндетті шешу, оның айтуынша, шаруалардың кооперативке бірігуіне және өнімді өндіруге және тасымалдауға кететін шығындарды азайтуға келіп тіреледі.

Бұл бағытта Палатаның Шиелі ауданындағы филиалы бірқатар табыстарға ие. Белсенді жұмыс жасаудың нәтижесінде филиал қызметкерлері 7 ұсақ шаруа қожалығын біріктіруге және «Шиелі төрт түлігі» атауымен кооператив құруға қол жеткізді, оның төрағалығына Сабыр Ермаханов сайланды. Сабыр Ермахановтың «Аруана» шұбат өндіретін цехы бар. Қазір «Шиелі төрт түлігі» кооператив ретінде тіркелуі үшін тиісті құжаттар әзірленуде.

Кәсіпкерлер палатасы кооперативтерді құру бойынша тек түсіндіру шарасымен ғана айналысып жатқан жоқ. Палата мамандары құрылған кооператив жобаларын сүйемелдеп, оларды қаржыландыруға ықпал етуде. Мәселен, биылғы жылдың өзінде құрылған кооперативтер арасында жалпы құны 20 млн теңгені құрайтын 2 жоба қаржыландырылды.

Жалпы қазіргі таңда облыс бойынша 49 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Оның 15-і мал шаруашылығы, 7-і – егін шаруашылығы, 27-сі өзге көпсалалы бағытты қамтиды. Құрылған кооперативтер жанына біріккен шаруашылықтар саны 208-ді құрайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер