«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордада облыстық іскер әйелдер форумы өтеді

2016 жылғы 12 Сәуір
- Қызылорда облысы
16202 просмотров

Бұл туралы Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Аманова Іскер әйелдер кеңесі мүшелерінің бас қосуында айтты

Кеңес отырысына қатысқан Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов Палата қызметінің басым бағыттарының бірі кәсіпкерлік саласында жүрген қыз-келіншектерге көмек көрсету екендігін айта отырып, Палата жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау, Өңірлік, Іскер әйелдер кеңестері, сондай-ақ «Бизнес кеңесші», «Бизнес Өсу» оқыту курстары мен бағдарламалары арқылы жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.

Айта кету керек, өңірде Іскер әйелдер кеңесі мүшелерінің саны уақыт өткен сайын толығуда. Бұл жайтты кеңес төрайымы Жанна Аманова кеңеске мүше болу арқылы әріптестік байланыстарды арттыруға, кәсіпкерлік саласында жүрген қыз-келіншектерге қажетті халықаралық және республикалық деңгейдегі шаралар, жеңілдіктерді жедел алуға, сондай-ақ осы салада бар мәселелерді бірге шешуге болатындығымен түсіндірді.

Мәселен, кеңестің осы отырысында бизнестегі аруларға Еуразиялық қайта құру және даму банкінің «Бизнестегі әйелдер», шілде айында Хайфа қаласында өткізілетін қыз-келіншектерге арналған тегін израильдық стипендиалдық MASHAV, БҰҰ даму бағдарламасының маман даярлауға қатысты бағдарламалары таныстырылды.

Сондай-ақ, кеңесте жақын күндері аймақта «ORDA Isker Aiyelder – 2016» форумы өткізілетіндігі туралы айтылды. Аталмыш форумда бизнес саласында жүрген, әсіресе ауылдық елді мекендердегі кәсіпкер қыз-келіншектердің мәселелерін ортаға салумен бірге, олардың өндіріп жатқан өнімдері де халыққа кеңінен таныстырылатын болады.

Мұнымен қоса, сырттан шақыртылған білікті, танымал мамандардың қатысуымен бизнестегі арулардың кәсібін жетілдіруге үлес қосатын курстар ұйымдастырылмақ.           


Еншілес ұйымдар

Серіктестер