«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордада микробизнес дамытылмақшы

2015 жылғы 09 Желтоқсан
- Қызылорда облысы
15918 просмотров

«Атамекен» ҰКП өңір кәсіпкерлеріне 300 млн. теңге бөледі

2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қызылорда облысы әкімдігі «Микробизнес - Қызылорда» пилоттық жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Өңірлік кеңес төрағасы Асқар Махамбетов кәсіпкерлермен кездесу барысында жеткізді.

Бүгін Астанада іссапарда жүрген Қызыорда облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Дархан Мырзалиев «Атамекен» ҚР Ұлттық палатасының «Микробизнес – Қызылорда» жобасын жүзеге асыруға 300 млн теңге бөлуді жоспарлап отырғанын хабарлады. «ҰКП мен облыс әкімдігі арасында келісімге 14-15 желтоқсанда Қызлордада өтетін «Байқоңыр» инвестициялық форумында қол қою жоспарлануда. Ал қазір арнайы құрылған жұмыс тобы аудандарды аралай отырып, кәсіпкерлерге аталмыш жобаның іске қосылатыны жайлы ақпарат беруде», -  деп жеткізді Палата басшысы.

Жобаның негізгі мақсаты мен міндеттері – жұмыссыздықты төмендету, микробизнес құру арқылы жаңа жұмыс орындарын құру, кооперацияны дамыту үшін жағдай жасау, ауылшаруашылық өнімді қайта өңдеу жөніндегі жобаларды жүзеге асыру, өндірістік (қоймалар, мал сою цехтары, камералар, логистика, МЖӘ негізінде МТС) және өткізу (шағын базарлар мен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолы бойындағы сауда павильондары) инфрақұрылымын дамытуға жәрдем, ішкі және сыртқы сауда базарларына интеграция және дистрибьюторлық желілер.

Ұсынылатын қаржыландыру көздері:

  • «Атамекен» ҚР ҰКП;
  • облыстық бюджет;
  • екінші деңгейдегі банктер (коммуналдық меншік кепілдігімен, % мөлшерлемені субсидиялау);
  • гранттар («Байқоңыр» ӘКК, «Ақниет», БҰҰДБ бағдарламалары және басқ.)

«Микробизнес - Қызылорда» жобасының бірыңғай операторы «Қызылорда» ӨИО» ЖШС болды. Ал «Қызылорда» ЖШС қызметінің бағыты – микробизнес старт-ап жобаларын жасау, микробизнес өнімдеріне сұраныс қалыптастыру және ішкі нарықта өркендету, ауылшаруашылық өнімді даярлау және қайта өңдеу жүйесін құру, өткізу жүйесін қалыптастыру, өнімді сыртқы нарыққа өркендету.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер