«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

7 шенеунік жауапқа тартылды

2015 жылғы 04 Желтоқсан
- Қызылорда облысы
11933 просмотров

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес 150-ден астам кәсіпкердің құқығын қалпына келтірді

Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Дархан Мырзалиев кәсіпкерлер алдындағы есептік кездесуде осынлай деп мәлімдеді.

2014 жылғы қаңтар айында кәсіпкерлер құқығын қорғау мақсатында Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес құрылған болатын.

Кеңес бизнес өкілдерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерін тиімді әрі жүйелі түрде шешу мақсатында құрылған Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының тұрақты әрекет етуші жұмысшы органы болып табылады.

Оның құрамына кәсіпкерлік субъектілері өкілдері, қауымдастықтар, БАҚ, адвокаттар мн заңгерлер, сонымен қатар құқық қорғау және мемлекеттік органдар өкілдері кіреді.

Кеңес қызметінің негізгі бағыттары жергілікті бизнес-қоғамдастықтың мүдделерін қорғау бойынша жүйелік жәрдемдесу және облыстағы кәсіпкерлер құқығын бұзудың жекелеген оқиғаларын қарау болып табылады.

«Бүгінгі күні Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің 8 отырысы өткізіліп, онда  23 жүйелік мәселе қаралды. Нәтижесінде 150-ден астам кәсіпкердің құқығы қалпына келтіріліп, 7 лауазымды тұла тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Шағымдардың негізгі үлесі жер қатынастары саласындағы және мемлекеттік қызмет көрсету аясындағы мемлекеттік органдар әрекетіне тиесілі», - деп ақпарат берді Дархан Мырзалиев.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесте қаралған «Маханова А.» жеке кәсіпкерлігінің жергілікті атқару органдарының жер телімін заңсыз түрде алып қоюы жөніндегі өтініші жарқын мысал бола алады. Бір айта кететіні, отырыс қорытындысы бойынша 128 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Палата сарапшылары әкімдіктің жер телімін мақсатсыз қолданылуына байланысты алып қоюы туралы қаулысының заңсыз болуы салдарынан күшін жоюына қол жеткізді.

Сонымен қатар «Кеден Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне заңсыз түрде үстеме есептелген 350 млн теңгеден астам сомадағы кеден төлемі, салық және өсімпұл сомасын төлеуін болдырмауға жәрдем көрсетілді.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің кәсіпкерлік субъектілері құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша негізгі әрі басты одақтасы, кәсіпкердің құқығына заңсыз қысым көрсетуге кінәі лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік сипаттағы шаралар қолдануға дейін жедел жауап қататын прокуратура органдары болып табылады.

Сонымен, Қызылорда облысы прокуратура органдарымен бірлескен жұмыс барысында келіп түскен өтініштер бойынша мемлекеттік органдардың 7 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер