«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Табыс әкелетін жаңа идеялар

2015 жылғы 20 Қазан
- Қызылорда облысы
14070 просмотров

Жеке бизнесті әртараптандыратын кез келді

Мемлекет басшысының Қызылорда облысына жасаған сапары барысында Өңірлік кеңес төрағасы, «Best-ServiсеLTD» ЖШС бас директоры Асқар Махамбетов осылай деп мәлімдеді.

«ҚР Президентіне мұнай бағасы төмендеп кеткеннен кейін көптеген компаниялардың бизнестерін әртараптандыруы, шынайы өндіріспен айналыса бастаудың аса маңызды болатынын жеткіздім. Біз, «Best-ServiсеLTD» ЖШС компаниясы, аталмыш бағытта қадамдар жасай бастадық. Мұнай сервисі саласында он жылдан астам уақыт жұмыс жасап жүрміз, бірақ қазір девальвация кезеңінде қауіпсіз шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін жаңа идеялармен және жаңа жобалармен жұмыс жасайтын жағдай орын алып отыр.

Сондықтан да мәскеулік «Будь как дома» желісімен бірлескен жобаны іске асырып жатырмыз. Келесі жылдың қаңтар айында алғашқы фазаны іске қосамыз. Кондитерлік өнімдер мен жергілікті жартылай фабрикаттар шығаратын боламыз. Жоба «Forte банк» акционерлік қоғамынан жылдық 6% бойынша алынған кредиттің арқасында жүзеге асырылды. Яғни бұл «Бәйтерек» қорының «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бөлген сомасы. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде шамамен 60 жаңа жұмыс орны жасақталады. Сондай-ақ жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты оңтайландыруға мәжбүр болған қызметкерлерді жаңа өндіріске көшіретін боламыз. Олар оқытылып, кейбірі Мәскеуде машықтанудан өтіп, осы өндірісте жұмыс жасайтын болады», - деді Асқар Махамбетов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер