«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сот талқылауына балама

2015 жылғы 08 Қазан
- Қызылорда облысы
12913 просмотров

Қызылорда облысы кәсіпкерлеріне медиация көмегімен еңбек қақтығыстарын шешу жолдары айтылды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Даму БҰҰ» бағдарламасының аясында ұйымдастырған «Әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы медиация» семинар-тренингінде жергілікті бизнесмендерге медиацияның басымдылықтары жайлы түсіндірілді.

Медиатор – соттан тыс кәсіпқой бітімгер және судьяның көмекшісі болып табылмайды. Бұл қақтығыстарды шешудің жеке және заңды тұлғалар үшін шығыны аздау, психологиялық тұрғыдан біршама ыңғайлы балама тәсілін ұсынушы.

Аталып өткендей, Қызылорда облысында медиация институты нашар дамыған, және де мұндай тренингтер болашақта өңірде бейбітшілік орнату институтының белсенді дами бастауына сеп болады.

Кәсіпкерлер палатасының алаңында іс-шара өткізуге кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін сот талқылауынсыз жағымды реттеу үшін қажетті жағдай жасау алғышарт болды.

Тренингте бизнесмендерге Қазақстандағы дауларды реттеудің балама тәсілдері, медиацияның қолданылу салалары жайлы, даулы және қақтығысты жағдайларды  ҚР Еңбек Кодексінің аясында реттеу жайлы және т.б. айтылды. 

Құрылған сәттен бері Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының атына 243 өтініш-шағым келіп түсті. Палата қызметкерлері жұмысының нәтижесінде 181 кәсіпкердің құқығы қалпына келтіріліп, шамамен 700 млн теңге сомасында кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделері қорғалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер