«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерге төнген қауіп

2015 жылғы 03 Қыркүйек
- Қызылорда облысы
14073 просмотров

Танымал ресейлік тележүргізуші Владимир Соловьевтың кітабынан қызылордалық прокурорлар «діни экстремизм» тауып отыр!

Қызылордалық кәсіпкер, кітап дүкенінің иесі, «Насихат» ЖШС директоры Райкүл Кемалова Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасына шағыммен жүгінді.

Істің мәнісі 2015 жылғы 9 ақпанда жергілікті «қырағы органдардың» қызметкерлері оған қарсы қылмыстық іс қозғауында болып отыр. Формалды негіздеме кітап өнімін, атап айтқанда, ресейлік тележүргізуші Владимир Соловьевтың - «Евангелие от Соловьева» және «Апокалипсис от Владимира» кітаптарын тарату және сату ережесін бұзғаны болған.

Заңды сақтаушылардың ашуын не туғызып отырғанын анықтау мүмкін болмады. Оның үстіне, сот психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысына сәйкес, бұл кітаптар конституциялық құрылымды құлатуға үндеуден және басқа да экстремизм белгілерінен тұрмайды. Қылмыстық іс жұртшылықтың қысымымен тоқтатылды. Алайда сол сәтте әкімшілік құқық бұзу туралы іс келіп түсті.

2015 жылғы 24 маусымда Қызылорда мамандандырылған әкімшілік соты заттай дәлелдер – «діни экстремизмнен тұрады» деп танылған кітаптарды жоюмен 200 АЕК мөлшеріндегі әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарды. Сонымен бірге, сот кәсіпорын қызметін 3 айға тоқтатуға қаулы етті.

Істі қарауды соттың қорғаныс дәлелдеріне құлақ аспағанын айта кету керек. Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының ойынша, сот шешімі бір жақты, себебі тек айыптау дәлелдеріне ғана негізделді.

Ал айыптаушы жақ ұсынған дәйектер сын көтермейді. Біріншіден, кітапты сараптамадан өткізген және олардағы «қастандықты» байқаған Оңтүстік Қазақстан облысы Сот сараптама институты сәйкес уәкілеттіктерге ие емес. Институттың www.sudexpert.adilet.qov.kz сайтында көрсетілген сараптамалары тізбесінде дінтану сараптамасы жоқ.

Екіншіден, адвокаттың Дін істері жөніндегі комитеттің уәкілетті органының діни саратаманы қайтадан жүргізуі туралы өтінішін сот қанағаттандырусыз қалдырды.

Бүгінде Палата сарапшылары «Насихат» ЖШС-мен бірге бірінші инстанция сотының шешіміне заттай дәлелдерді жою процедурасын тоқтатумен кассациялық тәртіпте шағым жасау жөніндегі жұмыстар жүргізуде. Дінтану сараптамасын қайтадан өткізу туралы мәселені қайта қарау шаралары қолданылуда.

Бүгінгі күні кәсіпкердің ісі «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ерекше бақылауында жатыр. ҰКП Басқарма Төрағасының штаттан тыс кеңесшісі, танымал блогер Денис Кривошеевтің араласуының арқасында іс қоғамның назарына ілінді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер