«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары жерді жалға алу ақысын 20 пайызға дейін төмендетуге қол жеткізді

2015 жылғы 20 Тамыз
- Қызылорда облысы
13337 просмотров

Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына қалалық мәдениет және демалыс паркінің кәсіпкерлерінен ұжымдық арыз келіп түсті. Арызда кәсіпкерлер парктегі жердің жалдау ақысын төмендетуді сұраған.

Жалпы маусым басталғалы қалалық мәдениет және демалыс паркінің әкімшілігі мен кәсіпкерлер жалға алып отырған алаңның жалдау ақысына қатысты бір келісімге келе алмай-ақ қойды.

Экономикалық дағдарыс жағдайында аттракциондардың, кафелер мен дүңгіршектердің иелеріне жерге төлейтін жалдау ақысына қатысты талап ауыр тиюде. Себебі, бір кәсіпкер жобамен 100 мың теңгеден 160 мың теңгеге дейін төлеу қажет.  Тығырыққа тірелген кәсіпкерлерге Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына жүгінуден басқа жол қалмады.

Осы уақытқа дейін де парктегі кәсіпкерлердің мәселелерін шешуге көмектесіп, жүйелі құқықтық қолдау көрсетіп келе жатқан Кәсіпкерлер палатасы бұл жолы да жағдайды кәсіпкерлердің мүддесіне сай реттей алды.

Нақтырақ айтқанда, тиісті мемлекеттік органдармен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары жерді жалға алу ақысын 20 пайызға дейін төмендетуге (жобамен 80 мың теңгеден 120 мың теңгеге дейін) қол жеткізді. Өз кезегінде кәсіпкерлер де жалдау ақысын мерзімінен кешіктірмей, уақытылы төлеп отыруы қажет. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер