«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордада кәсіпкерлерге салынған 700 миллион теңге айыппұл мен өсімпұл күші жойылды

2015 жылғы 03 Шілде
- Қызылорда облысы
14543 просмотров

Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлер құқығын қорғау саласында белсенді жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері кәсіпкерлік субъектілерінен келіп түскен 214 өтініш қаралған. 2014 жылғы І жарты жылдықпен салыстырғанда 2015 жылғы І жарты жылдықта келіп түскен өтініштер саны 40 % өскен. Бүгінгі таңда 73 кәсіпкер құқығы қорғалып, қалпына келтірілген.

Палата сарапшылары кәсіпкерлер мүддесін қорғау бойынша 30 сот ісіне қатысқан. Сот шешімдерінің 80 пайызы кәсіпкерлер пайдасына шығарылған, 700 млн теңгеге айыппұлдар мен өсімпұлдар күші жойылған.

Қызылорда облысы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің 7 отырысы өткізілді. Кеңес отырыстарында 22 мәселе қаралып, нәтижесінде 30-дан астам кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілген.

Отырыстарда қаралған мәселелер бойынша прокуратура және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті бірлескен жұмыс жүргізіп, ақырында 7 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Облыс прокуратурасы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті 10-нан астам мемлекеттік орган қызметіне 16 тексеріс пен талдау жүргізген. Тексеріс барысында 50-ден астам бұзу анықталып, 15 лауазымды тұлғаға тәртіптік жазалау шаралары қолданылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізіліп, оның барысында 2 600-ден астам кәсіпкер сауалнамадан өтті. Оның нәтижесінде кәсіпкерлер мүддесіне қайшы келетін 60 бұзушылық анықталды.

Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы өз қызметінде тұрақты негізде жергілікті атқару органдарының нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын қарап, сараптамалық қорытынды береді. 

Бүгінгі күнде жергілікті атқару органдарынан келіп түсіп қаралған 201 нормативтік-құқықтық акт жобасы арасынан 65 бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ескертулермен сараптамалық қорытынды берілген.

Сонымен бірге, әрекеттегі заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша 52 ұсыныс енгізіліп, оның ішінде 52 ұсыныс қабылданды. Сонымен қатар, Кәсіпкерлер палатасы түйткілдер тізілімін жүргізеді. Оның қайнар-көзі кәсіпкерлердің өтініштері болып табылады, ал олардың сұраулары тұрақты бақылауда тұрады. Осылайша, Палата 73 мәселе бойынша түйткілдер тізілімін жасақтаған. 29 мәселе жергілікті деңгейде шішімін тауып, 25 бойынша түсіндірулер беріліп, қалғандары қарауда жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер