«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордалық кәсіпкерлер «Алтын сапа» бағалау критерийлерін оқып-үйренді

2015 жылғы 16 Маусым
- Қызылорда облысы
16048 просмотров

Семинар байқауларға қатысуға тілек білдірген ұйымдардың өзін-өзі бағалауы бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсету түрінде өтті.

Кәсіпкерлерге сонымен қатар байқауды өткізу тәртібі мен ережелері түсіндірілді, Еуропалық сапа менеджменті қорының (EFQM) үлгісі туралы айтылды.

«Елдердің бәсекеге қабілеттілігін бағалайтын Астана экономикалық форумы есептерінің қорытындысы бойынша 50 ел қатарына кірдік. Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз – бұл, ең алдымен, халықтың өмір сүру деңгейін, өмір сүру сапасын көтеру. Ол кез-келген қоғамның ақтық мақсаты болып табылады. Біз бүгін тұжырымдама негіздері бойынша презентация даярладық. Аталмыш критерийлер бойынша «Алтын сапа» сыйлығы және «Қазақстанның үздік тауары» жәрмеңке-көрмесі құрылады. Ал ұйымдастырушы ретінде біз үшін бұл жаңа міндет және жаңа жауапкершілік», - деп атады ҰКП әлеуметтік-еңбек қатынастары департаментінің сарапшысы Бинара Төлегенова.

Оқыту семинарының қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер